Нарықты толық отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеміз – Бозымбаев

Tengrinews.kz.
Tengrinews.kz.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев министрліктің  кеңейтілген алқа отырысында Қазақстандағы жанар-жағармай саласындағы ахуал туралы баяндады, деп жазды BAQ.KZ


«Негізгі мұнай өнімдерін өндіру көлемі 2018 жылы 9,4% өсті. Биыл 12,2 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр», - деді Бозымбаев.


2018 нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамту  көрсеткіштері: бензин – 93,2%, дизель отыны – 91,1%, әуе керосині – 62%.


«Биыл нарықты отандық бензин, дизель отыны, әуе керосинімен 100% қамтамасыз етеміз. Алғашқы жарты жылдықта мұнай өнімдерін Орталық Азия елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз. Заңнамалық база аяқталу сатысында», - деді министр.


Ол вице-министр Болат Ақшолақовқа заңнамаға өзгерістер енгізу мен келісімдерді ратификациялау мәселелерін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Министр бензин бағасының төмендегенін де атап өтті.


«2018 жылдың басынан Аи-92 маркалы бензиннің бөлшек бағасының 4% төмендеуі байқалады. Биыл ақпан айында Алматы қаласында Аи-92 маркасының ең төменгі бағасы 139 теңгені құрады», - деді Энергетика министрлігінің басшысы.


Новости партнеров