Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үшжылдық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Twitter парақшасында.
«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойдым. Құжатты әзірлеген Үкіметке және маңызды өзгертулерді жылдам қарап, қабылдаған Парламент депутаттарына алғыс айтамын», - деп жазды Мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында.
Ақорданың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Заңның мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.
Сондай-ақ Қ.Тоқаев: «Енді 1 миллионнан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады», - деп жазды.
Енді 1 млн-нан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 15 апреля 2019 г.