Ұлттық қордың қаржысына қол сұғуды тоқтату керек. Халық пен болашақ ұрпаққа қызмет ететін қор ақшасы азайған. Мәжілісмен Нұртай Сабильянов қазынадағы қаржыны реттеу керек екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Депутат дәйегінше, 2024 жылы қордан 1,6 трлн теңге алынбақ. Бұл өте тиімсіз. Келер жылдан бастап әр балаға инвестициялық табыстың бір бөлігі аударылады
– Ұлттық қордан болашақта қаражат алуды тоқтатып, оның тиімділігін арттырумыз керек. 2022 жылы 1 трлн 300 млрдтан аса шығынға баттық. Дайын қаражатты басқара алмау дұрыс емес, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбильянов.
Оқи отырыңыз: Алдағы үш жылда Ұлттық қор активі қанша пайызға артады