Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының ең төменгі көрсеткіші Алматыда тіркелді

04.09.2021 00:05

Аталған көрсеткішке бірқатар қабылданған шаралардың нәтижесінде қол жеткізілді

пресс-служба Управления предпринимательства и инвестиций

2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тұтыну бағасының индексі 109,5%, ол еліміздегі ең төменгі көрсеткіші. Аталған көрсеткішке бірқатар қабылданған шаралардың нәтижесінде қол жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv

«Айналымдағы» схеманың шеңберінде қалаларды тұрақты бағадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрімен қамтамасыз ету жалғасып жатыр. «Магнум» және «Тоймарт» сауда желілері, сонымен қатар ірі нан өндірушілер («Аксай»НБК» ЖШС), ет өндірушілер («Асыл Meat»ЖШС және «Union Products» ЖШС), жұмыртқа өндірушілер («Алсад»ЖШС) және қант өндірушілер («Аксу Кант»ЖШС) тартылған. Қаланың 7 негізгі азық-түлік базарларында (Көк базар, Жаңа Ақбулак (көтерме базар), Сары-Арка, Тастак, Таусамалы, Алматы-1, Турксиб) «Әлеуметтік дүкендер» жұмыс істеуде, онда құны орташа базар бағасынан 5-40%-ға төмен 10 түрлі ӘМАТ сатылып жатыр. 

Қаланың басты базарларында, сауда желілерінде, супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларына күнделікті мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Сатушылармен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дық үстеме бағаны сақтау, сонымен бірге қырыққабатқа қойылған шекті бағаны (83 тг/кг) сақтау жөнінде түсіндурі жұмыстары жүргізіліп жатыр.

1 қыркүйектен бастап 22 мың тонна көкөністерді (картоп – 10 мың тонна, сәбіз – 4,2 мың тонна, пияз – 4,7 мың тонна, қырыққабат – 3 мың тонна)  «Магнум» сауда желісі арқылы төменгі бағамен 9 ай бойы (2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы мамырды қоса) сату басталды. Мысалы,  қазіргі кезде картоптың бағасы 101 теңге, сәбіз – 120 теңге, пияз – 90 теңге, қырыққабат – 81 теңгеден, яғни орташа базар бағасынан 7-35%-ға арзан сатылуда.

Осы жылы қоймаға салып сақтау көлемі 10 мың тоннаға артқанын (12 мың тоннадан 22 мың тоннаға), сондай ақ өткізу мерзімінің 1 айға артқанын (8 айдан 9 айға) атап өту қажет, яғни ол 2021-2022 жылдардағы кезең аралығында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларынның ішінде көкөніс тауарларының бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Теги: товары