50 мың адам жұмыссыз қалды
Алматыда карантин режимі жеңілдетілгенмен 8 мыңнан аса кәсіпкер қызметтеріне кірісе алмай отыр. Өйткені олар әлі рұқсат етілмеген кинотеатр, боулинг, бильярд, караоке және банкет залдарында жұмыс істейтіндер, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, бүгінде осы саладағы 50 мың адам жұмыссыз қалды. Осылай деген кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов әріптестерінің жайын айтты. Бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов Алматыдағы кәсіпкерлердің басын қосып, жай-күйін тыңдады. Қиын жағдайға қарамастан қала әкімдігі қолдан келгенше бизнесмендерді қолдауға тырысады.
«Динамиканың төмен көрсеткішіне қарамастан Алматыда дағдарысқа қарсы, экономиканы қалыпқа келтіретін барлық шара қолданып жатыр. Егер былай қараса, бизнесті қолдау және мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында қаржыландыру үш есеге артты. Бүгінде сомма 34 миллиард теңгені құрады», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.
«Біз Алматыдағы кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргіздік. Оған қатысқан 12 371 15 пайыз респондент бизнесінің жабылып, жұмыскерлерінің қысқаратынын айтқан. Мәселен, төтенше жағдайға дейін компанияларда 340 мың жұмыс болса, оның 51 мыңы қысқарған ;әне 56 мыңы ақы төленбейтін еңбек демалысына жіберілген», – деді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.