Алматының индустриалды аймағында 11 жоба іске қосылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының индустриалды аймағы шаһар экономикасының өсуіне айтарлықтай ықпал етіп отырған инвестициялық кластерге айналды. Өйткені соңғы жылдары мұнда 4430 жұмыс орны құрылып, 2,5 триллион теңгенің өнімі өндірілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас-аяғы 8 жыл ішінде құны 142,1 миллиард теңгеге 41 жоба іске асып, алпауыт компаниялар 63 миллиард теңгеден астам салық төлеген. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәлімдеуінше, бүгінде индустриалды аймақтың жалпы ауданы 490 гектар. Оның 326 гектары түрлі жобаларға бөлінген. Ал жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологиялары толықтай автоматтандырылған және роботтандырылған. Соның есебінен өндірістік қуат екі есеге артыпты. Осындай нысандардың бірінде қазір 1600 адам жұмыс істейді. Былтыр аталған аймақта қосымша 11 жаңа жоба мақұлданып, нәтижесінде 977 адамның екі қолға бір күрек табуына мүмкіндік жасалған. Биыл да бастама жалғасып, құны 135 миллиард теңгеден асатын тағы 11 жоба іске қосылмақ. Ол 2600-ден аса адамның жұмысқа тұруына септеседі.

Маңызды жобалардың бірі – қолданыстағы өнеркәсіп орындарының жанынан салынып жатқан автомобиль компоненттері технопаркі. Бүгінде онда мультимедиялық жүйелер, логистикалық хаб өндірісі жолға қойылған.

Сонымен қатар көлік шығаратын зауыттардың бірінде ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталған. Алдағы уақытта бұл мекеме шағын түйінді әдіспен темір тұлпарлардың 50 пайыздан астамын шығарады деп жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Алтынай  Көбеева: Қоғамдық кеңес – қала тұрғындарының алаңдатқан өзекті мәселелерді шешетін алаңға айналды

Новости партнеров