Жолсерік дәретханадағы қан іздерін байқап, ізін қуалай отырып, күдік тудырған жолаушыны анықтаған
Қызылордадан Астанаға бағыт алған жолаушылар пойызында жаға ұстатарлық жағдай болды. Жүкті әйел жол үстінде босанып, дүниеге келген шақалақты вагон терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдын ала мәлімет бойынша, жолсерік дәретханадағы қан іздерін байқап, ізін қуалай отырып, күдік тудырған жолаушыны анықтаған. Сұрастыра келе әйелдің жақында босанғаны және нәрестені пойыз терезесінен сыртқа тастағаны белгілі болды. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды.
«Аталған факт бойынша тергеп тексеру жүргізілуде. Тергеу қортындысы бойынша тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы желілік Полиция бөлімінің бастығы Бағлан Жарылқасынұлы.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері 758 миллион теңге жымқырған