Бірыңғай түбіртек: төлем екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде жүргізіледі

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметі
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметі

Жүйе  қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді болмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өз бақылауындағы аумақтарды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылдың қараша айынан бастап барлық коммуналдық қызметтерге Бірыңғай түбіртек енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түбіртек барлық төлемдерді шоғырландыруға арналған. Төлеушілерге ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат бір түбіртекте жинақталатын болады.

Вице-министр атап өткендей, біздің мақсатымыз – бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету. Бір түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде беріледі және оны оңай төлеуге болады. Сұраныс бойынша қағаз нұсқасы да қол жетімді.

«Облыс әкімдіктері жұмысқа кірісіп кетті, бірқатар елдімекендерде тұрғындар цифрлық түбіртек ала алады. Біз азаматтарымыз үшін үдерістерді кеңейтуді және жеңілдетуді жалғастырамыз», – деді Ж.Дүбірова.

Оқи отырыңыз: Темір жол машина жасау саласы: биыл қандай зауыттар іске қосылады

Новости партнеров