Темір жол машина жасау саласы: биыл қандай зауыттар іске қосылады

Almaty.tv
Almaty.tv

2024 жылы темір жол машина жасау саласына 23,2 млрд теңге инвестиция салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылы темір жол машина жасау саласына 23,2 млрд теңге инвестиция салынды. Жылжымалы құрамды өндіру көлемі 5 есе өсті, хабарлайды Almaty.tv тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жаңа зауыттарды іске қосып, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді.

2025 жылы Атырау облысында жүк вагондарын өндіру басталады. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 6000 бірлік құрайды. Мұнда 20 миллиард теңге инвестиция тартылып, 180 жұмыс орны ашылады.

Биыл Жамбыл облысында локомотивтеріне сервистік қызмет көрсететін зауыт іске қосылады, жобалық қуаты – жылына 50 бірлік.

Солтүстік Қазақстан облысында платформалық вагондар мен жолаушылар вагондарын шығару, сондай-ақ тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған термос вагондарын шығарудың екінші кезеңі басталады.

Сондай-ақ биылғы жылы Қарағанды облысында дөңгелек жұптары мен Атырауда локомотивтердің тіреу бөренелерінің өндірісі басталады.

Оқи отырыңыз: Елімізде 600-ге жуық вагон жаңартылды

Новости партнеров