Әуе көлігімен 6,4 мың тонна жүк тасымалданды, өткен жылмен салыстырғанда өсім 10%
Жүк айналымы 14,3% өсіп, 137,5 млрд т/км-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының өсуі Астана (27%), Алматы (14,5%) қалаларында және Атырау (37,7%), Павлодар (28,8%), Маңғыстау (26,5%), Жетісу (26,3%), Абай (21%), Қостанай (15,6%), Түркістан (15,6%), Алматы (12,6%), Қарағанды (12%), Батыс Қазақстан (11,6%), Ақтөбе (8,1%), Қызылорда (7,4%), және Ақмола (2,1%) облыстарында байқалды.
Теміржол көлігімен I тоқсанда 111,3 млн тонна жүк тасымалдады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14,9% көп. Бұл саладағы жүк айналымы 83,7 млрд т/км құрады.
Автомобиль көлігі де оң динамиканы көрсетті: жүк тасымалы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%, ал жүк айналымы бірден 58% өсті.
2025 жылғы қаңтар-наурыз аралығында құбыр көлігімен 85,8 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,7% артық. Бұл бағыттағы жүк айналымы 14,5% артып, 42,8 млрд т/км құрады.
Әуе көлігімен 6,4 мың тонна жүк тасымалданды, өткен жылмен салыстырғанда өсім 10%.
Теңіз көлігімен жүк тасымалдау көлемі 56% артып, 1,02 млн тоннаға жетті. Теңіз секторындағы жүк айналымы 21,4% өсіп, 478,4 млн т/км құрады.
Оқи отырыңыз: Қар жауып, тұман түседі: алдағы күндері ауа райы қандай болады