Жоба шикі газды қайта өңдеудің ұлттық бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда
Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 МӨЗ салу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Жоба шикі газды қайта өңдеудің ұлттық бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда, бұл Қашаған кен орнынан мұнай өндіруді тәулігіне 25 мың баррельге ұлғайтуға және ішкі тұтыну үшін тауарлық газ көлемін жылына 700 млн м3 ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қашаған кен орнының шикізат базасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі технологиялық кешеннің құрылысы басталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі мен Қашаған кен орнының акционерлері арасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі кешен салу туралы стратегиялық келісімге қол жеткізілді.