"Талдықорған – Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысы қашан аяқталады

20.01.2025 13:15

Бұл Жетісу облысының 66 елдімекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Photo by Martti Salmi on Unsplash

2025 жылы "Талдықорған – Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ұзындығы 302 км "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысы жалғасуда, бұл 124 мың адамды қамтитын Жетісу облысының 66 елдімекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылыс графиктен оза отырып жүргізіліп жатыр. 

Бұл газ құбырының аймақтың өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін, оның ішінде қуаттылықты кеңейту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге кететін шығындарды оңтайландыру үшін стратегиялық маңызы бар.