Былтыр жылдық инфляция 8,6 пайызға жеткен еді
Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 15,25 процент деңгейінде қалдырып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, мұндай шешім қабылдауға инфляция әсер еткен. Былтыр жылдық инфляция 8,6 пайызға жеткен еді. Оған қызметтер мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар көптеп үлес қосқан.
Ал азық-түлік инфляциясы бір жылда тұрақты болғанымен, соңғы екі айда үдей бастады.
"2024 жылдың желтоқсанында азық-түлік тауарларының бағасы 5,5 пайызға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар құны 8,3 процентке дейін жетті. Ақылы қызметтер инфляциясы 13,3% деңгейінде тұрақтанды. Ал реттелетін коммуналдық қызметтердің бағасы жылдық көрсеткіште 21,1 пайызға өсіп, нарықтық қызметтер инфляциясы 11,5 процетті көрсетті", - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.
Оқи отырыңыз: Реновация бағдарламасы: биыл Алматыда қанша үй сүріледі