Құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігін жеке компаниялар жүргізіп жатыр
2025 жылғы қаңтар-наурызда еліміз бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9% өсіп, 1 014,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігін жеке компаниялар жүргізіп жатыр.
«Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен 90% жеке құрылыс компаниялары, 8,2% – шетелдік, 1,8% мемлекеттік мекемелер орындаған», - делінген бюро хабарламасында.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 7,4% артты.
2025 жылғы қаңтар-наурызда білім беру мен денсаулық сақтау саласында 36 мектеп, мектепке дейінгі 7 ұйым және амбулаториялық-емханалық 6 мекеме пайдалануға берілді.
Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді