Сондай-ақ екі жаңа коллекциялық монетаны айналымға енгізу мәселесі бекітілді
Қазақстан Ұлттық банкі ҚҰБ Басқармасының кезекті отырысында ақша және валюта нарығындағы жағдай туралы баяндама қабылданып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында Ұлттық қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есеп бекітілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері 58,8 млрд АҚШ долларын құрады. Жылдық инвестициялық табыс 4,6 млрд АҚШ доллары немесе 7,6% болды. Қор құрылғалы жинақталған кірістілік – 128% немесе жылдық мәнде 3,55%.
«Сондай-ақ 2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – «GRIFFIN» («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және «OTYRAR» («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді”, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жиында төлем жүйелері және Ұлттық банктің өзге де қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.
Оқи отырыңыз: Мәжіліске Салық кодексінің жобасына түзетулер пакеті енгізілді