Шағын бизнеске мүмкіндік: Қазақстанда жаңа қолдау механизмдері енгізіледі

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Екі кепілдік қоры құрылмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Қазақстанда бизнестің кредиттеріне кепілдік беретін 2 қор құрылатынын хабарлады.

Ол бизнестің несиелеріне кепілдік беру тетігі тиімді тәжірибе ретінде, соның ішінде басқа елдерде де өзін дәлелдегенін атап өтті. Сондықтан 2 кепілдік беру қоры құрылады. Оның бірі шағын және орта бизнеске арналады.

«Шағын және орта бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау көлемі ұлғаяды. Биылдың өзінде 1,7 трлн теңге сомасына 30 мыңға жуық ШОБ жобасына қолдау көрсетіледі»,
 — деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, елімізде ірі бизнестің кредиттеріне кепілдік беру үшін жаңа қор құрылатын болады. Ірі бизнеске арналған кепілдік қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

Оқи отырыңыз: Елімізде инфляция деңгейі ақпанда 9,4 пайызға жетті

Новости партнеров