Шымкенттегі көпбалалы аналар саны - 67 741
Шымкентте 8 наурыз қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
2025 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша Шымкенттегі көпбалалы аналар саны - 67 741, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталғандар - 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны - 53 936.
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын" және "Күміс" алқа иегерлері, "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.
"Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі "Азамттарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады", - деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да екі ауданда жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді