Сумен қамту сапасын жақсарту: Қазақстанда 2 мың шақырымнан астам құбыр салынады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

162 мың тұрғыны бар 67 елдімекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2024 жылы еліміздің 6 өңірінде: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жоба аяқталды. Бұл 208 мың тұрғыны бар 49 елдімекенді сумен қамту сапасын жақсартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Еліміздің 9 облысы: Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 23 жобаны іске асыру басталды. 

Барлық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 420 елдімекенді сумен қамту сапасын жақсарту үшін 2100 шақырымнан астам су құбыры салынады. 162 мың тұрғыны бар 67 елдімекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. 

2024 жылы ауызсудың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету үшін 241 су құбыры тексерілді. Оның 209-ы ауылдық жерде, 24-і қалаларда, 8–і топтық су құбырлары. Анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 44 нұсқама берілді. Жалпы алғанда, еліміздің су құбырларынан алынған 66 мыңнан астам сынама зерттелді. 

"Бізге жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет. Бау-бақшаны суару үшін ауызсуды пайдалануға болмайды. Оның орнына су үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, жер астынан жаңа су көздерін іздеу қажет", - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан халқының 98,9%-ы жаппай ауыз сумен қамтылған

Новости партнеров