Жол белгілері мен құрылғыларды ұрлау фактісі көбейген

Ботагоз Жокенкызы
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы

Мемлекетке 1,35 млн теңге көлемінде шығын келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикалық маңызы бар автожолдардың бойында жол белгілері мен құрылғыларды ұрлау фактісі көбейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2024 жылы елімізде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орналасқан жол құрылғыларын ұрлау фактісі жиілеп,1,35 млн теңге көлемінде шығын әкелді.

Заң бұзушылар стробоскоптарды, күн батареяларын, пішінді қаңылтырларды, қоқыс контейнерлерін, жарық шамдарды, жол белгілері мен су өткізгіш құбырларының қалқандарын ұрлаған.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы аталмыш фактілер бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жолдады.

Егер сіз осындай оқиғалардың куәгері болсаңыз, онда 102 немесе 1403 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Ұрлық тек мемлекетке шығын келтірмей, жол пайдаланушылардың қозғалысына қауіп төндіріп, түрлі авариялық жағдайларды тудыруы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Семейдегі аспалы көпірге зақым келді

Новости партнеров