Семейдегі аспалы көпірге зақым келді

Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Холодный Ключ кентіндегі көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың 13 ақпанында сағат 11:05-те Холодный Ключ кентіндегі аспалы көпірдің зақымдануы туралы тұрғындардан хабарлама келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Холодный Ключ кентіндегі көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Зардап шеккендер жоқ. Көпірдің ені 1,5 метр, ұзындығы 100 метр. Көпір астындағы судың тереңдігі шамамен 3 метр, ал су деңгейінен құрылымға дейінгі қашықтық 50–60 см құрайды" - делінген әкімдік хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматыда Медеу ауданындағы №30 мектепте жаңғырту жұмысы басталады

Новости партнеров