Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетінен тағы 4 науқас қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Оның бірі – 1941 жылы туған әйел Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болса, енді бірі – 1971 жылы туған әйел адам Павлодар облысының азаматы. Сонымен қатар Ақмола облысының екі тұрғыны – 1977 жылы туған ер адам және 1952 жылы туған әйел адам көз жұмды.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша барлығы 77 адам қайтыс болды.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы – 15
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 6
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 4
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 12
Түркістан облысы – 3
Айта кетейік, республика бойынша 14809 адам аталған індетке шалдықса, 9 188 науқас дертінен айығып шықты.