Ресми мәліметтерге сәйкес, жансақтау бөлімінде Джонсон оттегімен тыныстаған
COVID-19 жаңа типтегі коронавирусқа шалдыққан Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонның бүгінде көңіл күйі жақсы, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com сілтеме жасап.
Премьер кеңсесінің мәлімдеуінше, Борис Джонсон жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылды. Ол дәрігерлердің мұқият қарауында қала береді.
5 сәуірде кешке 55 жастағы Борис Джонсон ауруханаға жеткізілген. Одан анықталған ауру белгісі бір жарым апта бойы кетпеген. Кейін оның жағдайы нашарлап кеткендіктен, қарқынды терапия бөліміне ауыстырылған. Ресми мәліметтерге сәйкес, жансақтау бөлімінде Джонсон оттегімен тыныстаған.
Джонсонның Ұлыбритания премьер-министрі міндетін атқаруға қашан оралатыны әзірге белгісіз. Британдық БАҚ бірнеше аптадан кейін деп шамалап отыр. Бұған дейін британдық премьер міндеттерін елдің Сыртқы істер министрі Доминик Рааб атқарды.