Түркістан облысынан өзге өңірлер «қызыл» аймақта

18.08.2021 13:38

Қазақстандағы эпидемиялық ахуал әлі өзгерген жоқ

sputnik.kz

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстандағы эпидемиялық ахуал әлі өзгерген жоқ.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.