16 қарашадағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қызыл» аймақта Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.