Алматыда дәрігерлер коронавирусқа күдікті пациентке операция жасады

Алматыда дәрігерлер коронавирусқа күдікті пациентке операция жасады
Талдау теріс нәтиже көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда провизорлық орталықтың дәрігерлері карантиндегі пациентке шұғыл түрде операция жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, науқастың провизорлық орталыққа жеткізілгенге дейін бірнеше күн бойы ыстығы болған, аурухананың дәрігерлері оны үнемі тексеріп, аурудың себебін түсінуге тырысқан, өйткені бұл коронавирус белгілері болуы мүмкін еді. Талдау теріс нәтиже көрсетті.

Дәрігерлер тексеру кезінде пациентте асқынған аппендицит дамыған түрге жеткенін, оны тез арада алып тастау керек екенін, әйтпесе әйел сепсистен көз жұматынын анықтады. Хирургтар операция жасауға шешім қабылдады.

Оның коронавирус сынақтарының нәтижесі теріс болғанына қарамастан, әйел карантинде қалды, ал бұл ықтимал қауіпті білдіреді. Сондықтан, операцияға қатысқан медициналық қызметкерлер обаға қарсы костюмдерді киді.

"Біз мұндай жағдайда ешқашан жұмыс істемедік, ыстық моншада болағандай сезім болды. Маскалар терледі, нашар көрінді, тыныс алу да қиын. Менің ассистентім талып қалмау үшін өзін әрең ұстап тұрды.  Операция екі сағатқа созылды", – деді провизорлық аурухананың хирургі Нұрхат Есенбеков.

Нұрхат Есенбеков 9 жылдан бері хирург болып жұмыс істейді. Бұл оның тәжірибесіндегі ең күрделі операция болды. Бірақ бәрі ойдағыдай болды, қазір науқас сауығып келеді.

Ал дәрігерлер өз қызметін жақындарынан алыста атқаруды жалғастырып жатыр. Хирургтың айтуынша, отбасын көрмегеніне бір ай болған.

"Біздің стационар ұйымдастырған қонақ үйде тұрамын, балалармен және әйеліммен телефон арқылы, ватсап арқылы сөйлесемін. Олар керемет жандар, барлығы мені түсінеді және қолдайды. Менің әйелім – дәрігер-инфекционист, сондықтан ол бәрін түсінеді, үйде балалармен қалды, ал мен жұмыс істеймін. Қазір бәріне оңай емес. Ең бастысы – өмір сүру, аман болу, біз бұл ауруды жеңеміз", – деді Нұрхат Есенбеков.

Новости партнеров