Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 563 жағдайы тіркеліп, 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ коронавирус пневмониясынан 221 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 66381 адам ауырып, 4111 адам қайтыс болды. Ал жазылып шыққандар саны 57171 жетті.