ҚР Денсаулық сақтау министрлігі короанвирустан емделіп жатқандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі
24 тамыздағы мәлімет бойынша 123 226 адам коронавирус инфекциясынан (117 339 КВИ+ және 5 887 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 577 пациент стационарда жатыр, 94 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 824 адамның жағдайы ауыр,
555 пациенттің жағдайы өте ауыр,
267 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.