Ресейлік нейрохирург Алексей Кащеев коронавирус пен инсульттің байланысы барын анықтады, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Дәрігердің айтуынша, екі жағдайда да ағзаға түскен инфекция қанның ұюына әсер етеді.
"Бұл жағдайларда тромбоздар көбейіп, адам инсульт алып қалуы мүмкін", - дейді дәрігер.
Сондай-ақ, дәрігер таяуда инсульт алған науқастарда пневмониядан қайтыс болуы қаупі жоғары екенін айтты. Нейрохирург склероз бен өкпе қызметі бұзылған науқастардың да өміріне қауіп төнетінін ескертті.