Коронавирус: 375 бала ем қабылдауда

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 030 адам ем қабылдауды жалғастыруда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциясын жұқтырған 7 030 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 030 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 375 бала бар. Стационарларда 2 813 науқас жатыр. 4 217 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 190 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Новости партнеров