Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 963 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Олардың арасында 49 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 248 науқас жатыр. 4 715 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 308 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 61 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,– делінген хабарламада.