БҰҰ бас хатшысы: Коронавирустан 2 миллион адам қайтыс болды

Фото: unaids.org
Фото: unaids.org
Антониу Гутерриш вакциналар жөнінде ақпаратты егжей-тегжейлі түсіндіріп, халық арасындағы екпеге қатысты сенімсіздікті жою қажет екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемде екі миллионнан аса адам коронавирустан қайтыс болды. Осыған байланысты БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Бас хатшысы мәлімдемесінде вируспен бірге күресуге шақырып, вакцина туралы айтты. Антониу Гутерриш вакциналар «жаһандық қоғам игілігі» ретінде қарастырылуы керек екендігін атап өтті. Бүкіл қоғам бір мақсатта бірігуге мүдделі екенін білдіреді, яғни, адамдар оны ешқандай кедергісіз тегін алуға құқылы. Сондықтан БҰҰ басшысы коронавирусқа қарсы екпені «халықтық вакцина» деп атады және екпені әлем халықтарына қолжетімді ету үшін БҰҰ құрған COVAX механизмін қаржыландыруға шақырды.

Антониу Гутерриш вакциналар жөнінде ақпаратты егжей-тегжейлі түсіндіріп, халық арасындағы екпеге қатысты сенімсіздікті жою қажет екенін айтты.

«Біздің әлем бұл вирусты бірлесіп әрекет ету арқылы ғана жеңе алады», – деді бас хатшы.

Новости партнеров