COVID-19: Ұлыбритания тамыз айына дейін туристерге шекараны ашпауы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Келушілер елдегі шектеулер режимін ұстанулары керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлыбритания маусымның соңына қарай әлемнің басқа елдерімен көлік байланысын қалпына келтіруі екіталай, ал шетелде демалғысы келетін британиялықтар мұны тамыз айына дейін шегере тұруға мәжбүр болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Британиялықтар қайтадан шетелге қашан бара алатындығы туралы билік 12 сәуірде хабарлауға уәде берді. Қазіргі уақытта Ұлыбританиядан шығуға бірнеше жағдайда ғана рұқсат етіледі. 

Атап айтқанда, жұмыс, білім алу, үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдері, сондай-ақ ерекше жеке жағдайлар. 

Ұлыбританияға кірушілерге келетін болсақ, олар келгеннен кейін 10 күн оқшауланып, өз есебінен құны 210 фунт стерлинг болатын екі тест тапсырулары тиіс. Сондай-ақ келушілер елдегі шектеулер режимін ұстанулары керек

«Қызыл тізімдегі» елдерден қазір елге тек британиялық немесе ирландиялық төлқұжат иелері, сондай-ақ елде тұрақты тұруға құқығы бар адамдар кіре алады. 

Карантин шараларын жеңілдету Жексенбі күнгі мәліметтерге сәйкес, 30 миллионнан астам британиялықтар вакцинаның алғашқы дозасын алды. 

Дүйсенбіде елде кейбір шектеулер алынды. Мысалы, «үйден шықпау» ережесі жойылды, кейбір спорттық іс-шараларға рұқсат етілді, алты адамға дейін үйден тыс жерде кездесе алады. Бұл – локдаунды толығымен алып тастаудың алғашқы қадамы. Әлеуметтік алыстау ережелері әлі де күшінде. 

Ұлыбританияда сырқаттану деңгейі қаңтар айында күніне 60 мың жағдайдан наурыздың аяғында күніне 5 мың жағдайға дейін төмендеді. Sky News телеарнасында сөйлеген сөзінде мәдениет министрі Оливер Доуден үкімет қазір британ халқына халықаралық сапарларды қалай жандандыруға болатыны жайлы ойлану үстінде екенін айтты.

Новости партнеров