Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны жұқтырудың 52 жағдайы тіркеліп, 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Сондай-ақ 239 адам вирустан жазылып кетті. 2020 жылдың тамызынан бері коронавирус пневмониясын елде 48388 адам жұқтырған, 591 адам қайтыс болып, 37998 адам аталмыш дерттен жазылып кеткен.