ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған сәйкес, 28 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 8 адам коронавирустан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 2 науқас. Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.