Қазақстанда КВИ мен пневмониядан 9 адам көз жұмды

17.10.2020 17:57

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 593 адам ем қабылдап жатыр

открытые источники

КВИ мен пневмониядан 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 593 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 125 жеткіншек бала бар. Стационарларда 1 995 науқас жатыр. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 80 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.