Індеттен қорыққан танымал теннисшілер US Open турниріне қатысудан бас тартты

Індеттен қорыққан танымал теннисшілер US Open турниріне қатысудан бас тартты
Жарыс 31 тамыз күні басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

31 тамыз күні үлкен теннистен US Open турнирі басталады. Алайда, көптеген танымал спортшылар індет кезінде жарысқа қатысудан бас тартып отыр, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Атап айтар болсақ, US Open турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль вирус жұқтырудан қорқып, жарысқа қатысудан бас тартты. Сондай-ақ, 2016 жылғы жеңімпаз, швейцариялық Станислас Вавринка мен оның әйгілі отандасы Роджер Федерер де турнирден сырт қалмақ.
Федерер жарақатына байланысты АҚШ-тағы жарысқа бара алмайды. Ал Вавринка коронавирустен қауіптенеді.

«Қазіргідей кезеңде АҚШ-қа барғым келмейді. Нью-Йоркте коронавирус әлі де басылған жоқ. Карантинге қатысты да сұрақтар бар. Індет кезінде жарыс ұйымдастыру көп күдік тудырады», – дейді Вавринка. 

Әлемнің 9-ракеткасы Гаэль Фонфис, италиялық Фабио Фоньини, австралиялық Ник Кирьостар турнирден тыс қалмақ. Ұйымдастырушылар биылғы турнирді көрерменсіз өткізуді жоспарлап отыр. 

Новости партнеров