Қызылорда мен Маңғыстау облыстары «сары аймақтан» «қызыл аймаққа», Солтүстік Қазақстан облысы «сары аймақтан» «жасыл аймаққа» өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 21 сәуіріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау ооблыстары тұр.
«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары тұр.
«Жасыл аймақта» Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары ғана. Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан.