Өзбекстанда Наурыз мерекесі карантин талаптарына сай тойланады

tajemb.kiev.ua
tajemb.kiev.ua
Құқық қорғау органдарына мереке кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік шараларын қабылдау міндетті.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзбекстанда Наурыз мерекесі карантин талаптарына сәйкес ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өзбекстан аумағында коронавирустың таралуын болдырмау және іс-шаралар бағдарламасын дайындау бойынша өткен жиында көктемгі мереке Наурызды тойлау туралы қаулы қабылданды.

Осы шешімге сай:

· мерекелік іс-шаралар ауа-райына байланысты жағдайды ескере отырып, ашық алаңдарда, яғни саябақтарда, аллеялар мен стадиондарда өткізу;

· мерекелік іс-шаралар кезінде халықтың көп жиналмауын және келушілердің маска тағуын, әлеуметтік арақашықтықты сақтауын қамтамасыз ету;

· адамдардың көптеп топталуын болдырмау үшін, махалаларда шағын іс-шаралар ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды.

Сонымен бірге, құқық қорғау органдарына мереке кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік шараларын қабылдау міндетті.


Новости партнеров