Қазіргі уақытта коронавирустан 13 164 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Олардың арасында 905 бала бар.
«Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 222 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – делінген хабарламада.