8 сәуірдегі мәлімет бойынша, 29 655 адам короновирус инфекциясынан (28 794 КВИ+ және 861 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 828 пациент стационарда, 18 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
522 адамның жағдайы ауыр;
151 пациенттің жағдайы өте ауыр;
87 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.