Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
«Вирусты жұқтырған 1 адам – Талдықорған қаласында, 6 адам Кеген ауданында тіркелді. 7 науқастың 6-уы белсенді түрде анықталды, өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Ал біреуі медициналық мекемеге жүгінген кезде анықталды», – делінген хабарламада.
ПТР-талдау нәтижелері бойынша науқастарда COVID-19 диагнозы анықталды. Олар алдын ала оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
Қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, оқшауланады және коронавирусқа зертханалық тексеруден өтеді. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 190 адам анықталды.