Қарағанды облысында коронавирустан тағы бір науқас көз жұмды

03.05.2020 18:00

Науқас 62 жаста болған

Фото: Reuters

Қарағанды облысында коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сoronavirus2020.kz мәліметіне сенсек, марқұм 1958 жылы дүниеге келген.

Шахтинск қаласының тұрғыны 5 сәуір күні пневмония диагнозымен провизорлық госпитальге түскен.

«14 сәуірде ҰМКО шешімі бойынша расталған СОVID-19 диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылды. Екіжақты пневмония ауыр өткен. Науқас 19 тәулік бойы ем алған. Алайда, дәрігерлердің күш салуына қарамастан, 3 мамырда қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясынан барлығы 26 адам қайтыс болды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 3

Алматы қаласы – 8

Шымкент қаласы – 4

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 2

Қостанай облысы – 1

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Түркістан облысы – 1 адам.

Айта кетсек, республика бойынша қауіпті індет жұқтырғандар саны 3877 адамға жетті. Жазылып шыққандар саны – 995 адам.