Алматы облысының маңындағы елді мекендерге бекеттер қойылды

Алматы облысының маңындағы елді мекендерге бекеттер қойылды
Қазіргі уақытта Алматы облысының аумағында 108 бекет жұмыс жасалып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының маңындағы елді мекендерге бекеттер қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі бекеттер облыстағы барлық қалалар мен аудандарға қойылды. Алматы қаласымен шектесетін аудандарда, оның ішінде Іле, Қарасай, Талғар және Жамбыл аудандарында қойылды. Қазіргі уақытта Алматы облысының аумағында 108 бекет жұмыс жасалып жатыр.

“Ішкі бекеттер арқылы ауылдар арасындағы көліктер мен адамдардың қозғалысына жалпы бақылау күшейтілді. Ішкі жаяу бекеттердің негізгі міндеті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру, ТЖ талаптарының сақталуын және қандай да бір құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету. Бекеттерде полицейлер мен әскерилер қызмет етіп жатыр”, – деді Іле ауданы ПБ басшысы Марат Күштібаев.

Таңертең ерте Іле және Талғар аудандары полиция басқармаларының жеке құрамы, қорғаныс істері бойынша аудандың бөлім қызметкерлері, Ащыбұлақ ауылдық округінің №78460 әскери бөлімшесінің және Жетіген ауылының №65229 әскери бөлімшесінің жеке құрамы коронавирус індетінің жаппай таралуының алдын алу бойынша өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындау үшін басшылықтың жалпы тапсырмасын тыңдауға әкімдік алдындағы алаңда бірыңғай сап түзеді.

“Алдын алу шараларын жүргізуге жұмылдырылған жеке құрам толыққанды дайын. Қоғамдық тәртіпті сақтауға және Алматы облысы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 4 қаулысына сәйкес енгізілген шектеулерін қамтамасыз етуге кірісті”, - деп толықтырды Марат Күштібаев. Іле ауданы бойынша патрульдеу бағыттарына Жетіген, Энергетик, Ащыбұлақ және Боралдай ауылдық округтері енді.

Новости партнеров