Шымкент қаласында COVID-19-вирусынан қайтыс болған науқас туралы толық мәлімет жария етілді, деп хабарлайды Almaty.tv қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1959 жылғы азамат – Шымкент қаласы Еңбекші ауданының тұрғыны. 61 жастағы азамат 19 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 оң нәтиже берген», - делінген хабарламада.
Денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты науқас 20 мамыр күні жансақтау бөліміне ауыстырылған. Науқас ИВЛ аппаратына қосылған.
Науқастың қосалқы ауруы: аса жоғары қауіпті топқа жататын 3-дәрежелі артериялық гипертензия. Қант диабетінің 2-типі, декомпенсация сатысында. Семіздік ауруының 2-дәрежесі. Сондай-ақ науқастың қайтыс болу себебі: өкпе артериясының тромбоэмболиясы ауруының асқынуы.
Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, күнделікті республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.
Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 30 мамыр күні сағат 22:10-да науқас қайтыс болды.