Ақтөбеде мемлекеттік органдар ережені бұзушыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізіп жатыр
Карантин режимін бұзған ақтөбеліктерге жалпы 75 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбеде мемлекеттік органдар ережені бұзушыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізіп жатыр. Көбіне айыппұл жұмыс кестесін, маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтамағандарға салынған. Кейбір ойын-сауық орындары шектеуге қарамастан жұмыс істеуін жалғастырған, ал кафелерде тойлар әлі де болып жатыр. Жалпы өңірде карантин режиміне қарамастан жұмыс істеген 24 кафе анықталған.
«Мерекелік шаралар өткізгені үшін қоғамдық тамақтандыру орындарына жалпы сомасы 7 миллион теңгеге 24 рет айыппұл салынды»,– дейді СЭС өкілдері.
Жалпы 5 шілдеден бастап бас санитар дәрігердің талабын орындамаған ақтөбеліктерге 75 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.