«Жұмысын жалғастыра берген»: Коронавирустан көз жұмған әйел дәрігер болған

Иллюстративное фото: krasnodar.bezformata.com
Иллюстративное фото: krasnodar.bezformata.com
Елордада COVID-19 жұқтырған 1173 адам тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

13 мамырда коронавирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған Нұр-Сұлтан тұрғыны туралы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«1958 жылы туған дәрігер әйел коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Ол жеке медициналық ұйымда жұмыс істеген. Зейнетке шыққан, алайда жұмысын жалғастыра берген», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Ал екінші науқас 1977 жылы туған. Ол отбасындағы коронавирус жұқтырған туысымен қарым-қатынаста болған.

«4 күн үй карантинінде болды. 17 сәуірде жедел-жәрдем қызметі арқылы жұқпалы ауруханаға келіп түсті. Емдеу хаттамасына сәйкес ем жүргізілді. Алайда, жағдайы ауырлап, 22 сәуірде жансақтау бөліміне ауыстырылды. Науқас соңғы екі жылда қосымша аурулар бойынша емханада тіркеуде болған. 13 наурызда қарқынды  терапияға қарамастан қайтыс болды»,- деді дәрігер.

Қазірге дейін елордада COVID-19 жұқтырған 1173 адам тіркелген. 

Новости партнеров