Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 5 адам қайтыс болды

24.09.2020 19:12

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 495 адам ем қабылдауды жалғастыруда

открытые источники

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 228 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 495 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 810 науқас жатыр. 1 685 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 95 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.