Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан бірнеше елдер жаңа шектеулер енгізулерін жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Франция премьер-министрі Жан Кастекс елде коронавирустың британдық мутациясы, сондай-ақ COVID-19-дың Оңтүстік Африкалық нұсқасы табылған соң, 16 қаңтарда кешкі сағат алтыдан кейін коменданттық сағат енгізілетіндігін жариялады. Қазір қатаң ереже елдің 25 департаментінде күшіне енді.
Осы күндері Португалия премьер-министрі Антонио Коста штатта екінші қатаң карантин енгізілгенін жариялады. Республикада қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, мектептер, соттар, супермаркеттер мен діни мекемелер ғана жұмыс істейді.
Жапония үкіметі болса елге кіру ережелерін бұзған адамдардың жеке деректерін жария етуді қолға алған. Шетелден оралған азаматтар 14 күн ішінде өздерінің тұрғылықты жерін хабарлауы керек. Сонымен қатар, оларға карантин уақытында қоғамдық көлікті пайдаланбауға және үйден шықпауды талап етті.