Мұндай жаста індетті жеңіп шығу – ерекше жағдай
Шымкент қаласындағы «Мейірім» провизорлық орталығында ем қабылдаған 90 жастағы Күлсара Қарсыбаева әжеміз пневмониядан 25 күнде жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тыныс алуы қиындаған Күлсара апамыз алғашында инфекциялық ауырухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін қос өкпесі 70% зақымданғаны анықталып, «пневмония» диагнозы қойылды.
Жансақтау бөлімінде 3 күн емделген соң, «Мейірім» провизорлық орталығына өз қалауымен ауыстырылды. Түскен кездегі науқастың жағдайы ауыр болатын. Сатурациясы 75% төмендеген. Дәрігерлердің емдеу хаттамасына сәйкес дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, дұрыс жүргізілген емдеу шараларының нәтижесінде, Күлсара Қарсыбаеваның денсаулығы 25 күнде жақсарды. Денсаулық жағдайының ауырлығына және қосымша созылмалы ауруларына (созылмалы холецистит, панкреатит, артериялық гипертензия) карамастан, әжей аурумен күресіп, жеңіп шыкты. Дәрігерлер оның қазіргі жағдайы жақсы екенін айтады.
Індетінен толықтай сауыққан 90 жастағы апамыз, «Мейірім» провизорлық орталығының дәрігерлеріне ақ батасын беріп, бүгін клиникадан отбасына оралды.
«Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ізгіліктер ақ жүректен шығады» демекші, өз қуанышын жасыра алмаған әжеміз атына заты сай «Мейірім» провизорлық орталығының бас дәрігері Ниязкұлов Әбдірахмет Әбдіқадырұлына, бөлім меңгерушісі Ерімбетова Лаура Сапарғалиқызына, дәрігерлер – Жүмакүл Гүләйым Әлімбаевна, Ағабекова Гүлжан Орынбасарқызы, Түктібаева Сәуле Ақтілеуқызы, Кемелбеков Қанатжан Сауханбекұлы, Аңдабаева Элмира Бахытбекқызы және тағы да басқа медицина қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді.
«Мейірім» провизорлық орталығының қолы шипалы, ақ халатты абзал жанды, мейірімді қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тіледі.
Мұндай жаста індетті жеңіп шығу – ерекше жағдай.
Өз кезегінде орталық қызметкерлері Күлсара Қарсыбаеваға ұзақ ғұмыр тіледі.