КВИ кезінде өкпенің зақымдануын пневмония ретінде қате анықтау антибиотиктерді стандартты тағайындауға әкелді. Бұл қате пікір! Пациенттер азитромицин, цефтриаксон және сол қауіпті левофлоксацинді (резерв антибиотигі) қанша алып жатқанын көріп отырмыз, алайда олардың әсері жоқ. Оны күтуге де болмайды. Бұл туралы ҒЗИ Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, м.ғ.д., профессор, пульмонолог дәрігер Сауле Касенова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Пневмония ағымы коронавируссыз бола ма?
SARS CoV-2 коронавирусы үшін өкпе ең осал нысана болып табылады, сондықтан сырқаттанғандардың көбінде өкпенің зақымдануы дамып, кеуде жасушалары ағзаларының КТ-да аурудың вирустық табиғатына тән «күңгірт шыны» түрінде зақымданатын жерлері бар екіжақты процесс ретінде сипатталады. Пневмонияны көп жағдайларда бактериялар (пневмококктар, стафилококтар, клебсиел пневмония, гемофильді таяқша және т.б.)қоздырады.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, м.ғ.д., профессор, пульмонолог дәрігер Сауле Касенова: «Бактериялық пневмония кезінде рентгенограмма жасағанда біз өкпенің бір жақты, көбіне оң жақты процесін көреміз. COVID-19 кезінде көрінетін өкпенің зақымдануы тек қана сырқаттың белгілеріне ғана емес (сары түсті қақырықпен шығатын жөтел, зақымдану жағындағы кеуде тұсында ауырудың пайда болуы), сондай-ақ морфологиялық табиғатына сәйкес келмейді», – дейді.
Сауле Лайыққызының айтуынша, коронавирус инфекциясы кезінде өкпеде көптеген микро және макротромбалармен негізделген геморрагиялық синдром анықталады, осының салдарынан газ алмасу бұзылады да, пациенттер демікпеден және тыныс алу жетіспеушілігімен қиналады. Маманның пікірінше, пневмония туралы емес, пневмонит түріндегі өкпенің коронавирустық зақымдануы туралы айтқан мейлінше дұрыс болады.
COVID-19 емдеу терапияның жаңа әдістерін үнемі іздеумен байланысты
COVID-19 – бұл бүкіл әлем үшін жаңа ауру. Дәрігерлер мен ғалымдар клиникалық көріністердің тәжірибесін, осы ауруды диагностикалаудың тәсілдері мен емдеудің тактикасын бірлесіп жинақтайды. Бұған халықаралық ұсынымдар мен КВИ бойынша қазақстандық хаттамалар үнемі жаңартылып тұратыны дәлел.
Сауле Касенова кешегі уақытта білгеніміз бүгінгі күні өзекті болмай қалуда, өйткені жаңа білімдер пайда бола бастады, осы уақытқа дейін этиотропты (себебіне әрекет етуші) немесе COVID-19 тікелей вирусқа қарсы терапиясы жоқ, бұл ауруды емдеу терапияның жаңа әдістерін үнемі іздеумен байланысты дейді.
Антибиотиктерді бақылаусыз қолдана беру қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін
Сауле Лайыққызы: «КВИ кезінде өкпенің зақымдануын пневмония ретінде қате анықтау антибиотиктерді стандартты тағайындауға әкелді. Бұл қате пікір! Пациенттер азитромицин, цефтриаксон және сол қауіпті левофлоксацинді (резерв антибиотигі) қанша алып жатқанын көріп отырмыз, алайда олардың әсері жоқ. Оны күтуге де болмайды. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді! Бұл өте маңызды препараттар және дәріханалардың антибиотиктерді рецепсіз еркін сатуы қауіпті жағдайларға әкеледі. Адам нағыз бактериялық инфекциямен ауырған кезде бактерияға қарсы препараттар көмектеспейді!» – деді.
Бүгінде дәрігерлер КВИ патогенетикалық терапиясына (ауруды дамыту механизмдеріне әрекет ету) арналған тәсілдерді өзгертті және қанның қоюлануына, тромбтардың пайда болуына, иммундық қабынудың жоғары белсенділігін төмендетуге қарсы тұратын препараттарды тағайындайды да, үміт күттіретін нәтижелер алады.
КВИ кезінде емделуге жатқызуға жататын көрсеткіштер
КВИ-мен ауыратын адамдардың 80%-да аурудың жеңіл ағымы байқалады. Бұл дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы немесе жыбырлауы, дәм мен иісті сезінбеу. 2 апта аралығында аурудың беті қайтады да, ақырындап күнделікті өмір сүру тәртібіне келе бастайды.
Сауле Лайыққызының айтуынша, емделуге жатқызуға жататын көрсеткішке аурудың ауыр ағымы, оттегі сатурациясының төмендеуі (93%-дан кем болса), КТ мәліметтері бойынша өкпенің көп бөлігінің, кеуде жасушасы ағзаларының зақымдануы (50% артық), жүрек ырғағының бұзылысы, қандағы қант деңгейінің артуы және т.б. жатады. Зертханалық тексеру мен аспаптық диагностикалау әдістерін тағайындайтын стационарда емделген дұрыс. Қан талдауы, кеуде жасушалары ағзаларының рентгені ауру ағысының ауырлығы мен асқынуын жылдам анықтауға мүмкіндік береді.